Оқиға

Қарағандыда автобус жүргізушілері төбелесті - видео

© Sputnik / Абзал КалиевТөбелес, иллюстративті фото
Төбелес, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуына қарағанда төбелес жүргізушілердің жолаушыларды өзара бөлісе алмауынан туындаған

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде қызуқанды қарағандылық автобус жүргізушілерінің өзара төбелескен видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жүргізушілер арасындағы төбелестің видеосы Instagram желісіндегі gorod_karaganda_krg парақшасында жарияланды. Кадр сыртындағы дауыс оқиға "45 квартал" аялдамасында болғанын айтады.

Видеода бір топ адамның арасында бір-біріне дауыс көтере сөйлеп жатқаны көрінеді. Кенет жанжал өрши түсіп, ер адамға екі жігіт кезектесіп қол сілтейді. Соққының дөп тигенінен ер адам жайсыз құлап, автобустың астына түсіп қала жаздайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karaganda KZ (@gorod_karaganda_krg)

Ал куәгерлердің айтуынша, төбелес жүргізушілердің жолаушыларды өзара бөлісе алмауынан туындаған.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

"Қазіргі кезде оқиғаға қатысушылар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жаңалықтар
0