Оқиға

Нұр-Сұлтанда "билейтін" экскаватор жұрттың зәресін ұшырды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевУлица Кунаева на левобережье Нур-Султана в тумане
Улица Кунаева на левобережье Нур-Султана в тумане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Қарағанды тұрғыны Нұр-Сұлтандағы досына қонаққа келген, біраз отырғаннан кейін далаға шығып, экскаваторды айдап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда мас адам жүріп бара жатқан экскаватордың рөлінде ұйықтап кетті.Таңғы сағат бесте 102 кезекшілік пультіне жұмыс істеп тұрған экскаватордың ішінде жүргізуші ұйықтап отырғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Қарағанды ​​қаласының 30 жастағы тұрғыны аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Ол ішімдікке тойып алып, біреудің техникасын айдап әкеткені анықталды.

Ұсталған ер адам елордаға досына қонаққа келіп, ішімдік ішкен, далаға шыққанда экскаваторды көріп қалған. Көлік ашық тұрған, кілті ішінде болған. Ол экскаваторшы болып жұмыс істейтіндіктен, машинаны оталдыру қиын болмаған. Жауап алу кезінде Қарағанды ​​тұрғыны бұдан кейін не істегені есінде жоқ екенін мәлімдеді.

Экскаваторды құрылыс алаңының жанына қойып кеткен машинаның иесі ұрлық жайлы полициядан естіген.

30 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы (айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0