Оқиға

Нұр-Сұлтан іргесіндегі ауылда қаңғыбас иттер бұзауды талап өлтірді

© Sputnik / Абзал КалиевБұзау
Бұзау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Жібек Жолы ауылында алты жылдан бері тұратын мал иесінің айтуынша, бұл жерде қаңғыбас иттер мәселесі бұрыннан бар

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылындағы қаңғыбас иттер бұзауды талап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жағдайды редакция тілшісіне елді мекен тұрғыны Рахия Еркебаева растады.

Оқиға сейсенбі күні түстен кейін болған. Ал қаңғыбас иттердің құрбанына айналған бұзау былтыр жазда туылған.

"Кеше түстен кейін, шамамен үш-төртерде қаңғыбас иттер біздің бұзауымызды талап өлтірді. Мен бұл туралы көршілерден білдім. Өзім жұмыста болғандықтан олар телефонма хабарласып айтты", – дейді Еркебаева.

Оқи отырыңыз: Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған

Еркебаева 2015 жылдан бері Жібек Жолы ауылында тұрады және мұндай жағдайға бірінші рет душар болып отыр екен. Оның айтуынша, қаңғыбас иттер проблемасы ауылда бұрыннан бар.

"Біздің көшемізде қаңғыбас иттер аз емес. Өйткені, жергілікті тұрғындар желідегі чатта осы мәселеге үнемі шағымданады", – деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0