Өңірлер

Таразда көше сыпырып жүрген әйелді көлік қағып өлтірді

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Екі көлік соқтығысып, бірі жол жиегіне шығып кетті. Дәл осы уақытта коммуналдық қызмет жұмысшысы аумақты тазалап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Таразда адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Әл-Фараби мен Ниетқалиев көшелерінің қиылысында BMW мен Volkswagen соқтығысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Екі көлік соқтығысқан кезде машинаның бірі жол жиегіне шығып кетті. Дәл осы уақытта коммуналдық қызмет жұмысшысы аумақты тазалап жүрген.

Автокөлік әйел адамды қағып, ол сол мезетте көз жұмды.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі жүргізуші бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0