Өңірлер

"Арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты": Алматыда "Айка-мажор" ұсталды

© AFP 2024 / OHAN ORDONEZЖенщина в наручниках, архивное фото
Женщина в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Әйел 2020 жылдың қыркүйегінде мейрамханалардың бірінде бұзақылық жасады деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды  

АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматыда "Айка-мажор" деген атпен танымал Әйгерім Бақытжанқызы әйелге пышақ жарақатын салды деген күдікпен ұсталды.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Facebook парақшасында әйелдің тергеу изоляторында отырғанын хабарлады. Ол бірнеше рет бұзақылық жасады, зорлық-зомбылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды деген күдікке ілінген.

"1988 жылы туған "Айка-мажор" департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасау (Бұзақылық) бойынша айып тағылды. Ол ұсталып, Алматыда уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Әбдірахманов.

Оның мәлімдеуінше, істің мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Аталған бап бойынша үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен 

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Алматыда пышақтау фактісіне қатысты қаладағы мекемелердің бірінде тергеу жүргізілді. Ол оқиғаға"Айка-мажордың" қатысы болуы мүмкін екені хабарланды.  

"Біз отырған жерде дәл сол "Айканы" көрдім. Ол шақырылмаған болатын. Содан кейін менің назарымды өзіне аудартуға тырысты, әртүрлі сұрақтар қойды. Мені мазаламауын өтіндім, бірнеше секундтан кейін арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты", - деді жарақат алған алматылық қыздардың бірі.

Алматылық бұл оқиғаны әлеуметтік желіде жазды, қылмысты жасаған "Айка-мажор" екенін айтты. Содан кейін полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0