Оқиға

"Жігіттер, тоқтатыңдар!": полицейлер күдіктіні ұстау сәтінің видеосын бөлісті

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский автомобиль
Полицейский автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
"Автоураган" автоматтандырылған кешенінің көмегімен көліктің "Әуежай" ауданында болғаны анықталған

АЛМАТЫ, 15 ақпан — Sputnik. Қостанайдың құқық қорғау органдары ВАЗ-2107 көлігін айдап кеткен 22 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді бастады.

Оқиға 13 ақпан күні болды, деп хабарлады, Polisia.kz. Таңертең тұрғын көлігінің жоғалғанын көріп, полицияға арыз жазды. 

Ол көлікке дабыл құралы орнатылмағанын айтты. Бір күн бұрын жанармай құйған.

"Полиция жасақтарына бірден хабар берілді. "Автоураган" автоматтандырылған кешенінің көмегімен "Әуежай" ауданы маңында көлік қозғалысы анықталды. Кейін машина із-түссіз жоғалды", - деді полицияда. 

Тәртіп сақшылары машинаны жақын маңдағы ауылдардан іздей бастады. Ұқсас көлік Рязановка маңында табылды.

Жүргізуші полицейлерді көріп, жылдамдық қосып, қашып құтылмақ болды.

Полицияның екінші көлігі жүргізушіні Майкөл ауылының маңында ұстап алды. Күдікті мас болған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, ер адам қамауға алынды.

Жаңалықтар
0