Оқиға

Павлодарда үйдің кіреберісінде болған жағдай видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинДом, в котором жила семья пострадавшей девочки
Дом, в котором жила семья пострадавшей девочки - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Екі жігіттің бір ер адамға жабылғанын көруге болады. Олардың бірі зардап шегушіні бірнеше рет жұдырықпен ұрды. Бұдан соң соққы тиген жігіт баспалдақтан құлап кетті

ПАВЛОДАР, 15 ақпан – Sputnik. Павлодарда ақпанның 13-нен 14-не қараған түні үйдің кіреберісінде ер адамды соққыға жықты. Болған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Екі жігіттің бір ер адамға жабылғанын көруге болады. Олардың бірі зардап шегушіні бірнеше рет жұдырықпен ұрды. Бұдан соң соққы тиген жігіт баспалдақтан құлады. Шабуыл жасағандар қашып кетті. 

Шуды естіген тұрғындар пәтерлерінен шығып, мән-жайды сұрады. Шабуыл жасаған жігіттердің бірі зардап шегуші қарындасын ренжіткенін айтқан.

Sputnik Қазақстан сұрауына жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева бұл мекенжай бойынша ешкім жедел жәрдем шақырмағанын жеткізді.

"Бұл факті бойынша полицияға ешкім арыз жазбады. Оқиға тіркеліп отыр. Полиция видеодағы адамдарды анықтап жатыр", - деді өңірлік полиция департаментінің жетекшісі Жанна Белялова.

Жаңалықтар
0