18:39 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Ан-2 ұшағы Өскемен қаласынан 20 шақырым қашықтықта автокөлік жолына амалсыз қонды. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы Өскеменнен 23 шақырым жерде амалсыз қонды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ұшақ Өскемен – Зайсан бағыты бойынша рейс жасаған.

"Ұшқыш қозғалтқыштың қуаты кемігенін хабарлады. Ұшақ Өскеменнен оңтүстікке қарай 23 шақырым жерде автокөлік жолына амалсыз қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшаққа зақым келмеді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бортта 3 экипаж мүшесі және екі медицина қызметкерң болған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғаларды тергеу департаментінің өкілдері оқиға орнына аттанды.

Жолаушылар ұшағы шұғыл түрде жүгері алқабына қонды

Кейінірек белгілі болғандай, ұшақ Өскеменнен Зайсанға қарай ұшқан.

"Қазір науқасты тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр. Оны көлікпен апаруға тура келуі мүмкін", - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Науқас хәл үстінде жатқан жоқ, жағдайы тұрақты.

Тақырып бойынша

 Өскемен маңында отқа оранған ұшақтың бортында кімдер болғаны анықталды
Ан-2 ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды
136 жолаушы мінген ұшақ өзенге құлады - фото
Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео
Алматыға бет алған түрік ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды
Загрузка...

Басты тақырып