Оқиға

Ақтөбеде Азия чемпионын өлтіріп кетті

CC0 / / Қарулы адам
Қарулы адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі кезде спортшы өліміне күдіктілер тұтқындалған

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде каратэдан 18 жастағы Азия чемпионы Дәулет Хайролла көз жұмды.

Қаралы хабарды Sputnik Қазақстанға Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров растады.

"Иә, қаза болғаны рас", – деді ол.

Айтуынша, 18 жастағы спортшыны жанжал кезінде өлтіріп кеткен. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталған.

Оқи отырыңыз: Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы атанған Дәулет Хайролла қоңыр белбеу иегері болған. 

Сондай-ақ, ол келесі аптада Қазақстан кубогы үшін өтетін жарысқа баруы керек еді.

Жаңалықтар
0