Оқиға

Петропавлда жолаушыны екі бірдей көлік қағып кетті: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында жолаушыны екі бірдей көлік қағып кетті. Ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Toyota RAV4 маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 53 жастағы әйел Мағжан Жұмабаев көшесінде 32 жастағы ер адамды қаққан. Соққының қатты болғаны сонша, жолаушы қарсы бағытта келе жатқан көліктің астына түскен.

"Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ол жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болған", – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен баланы куәгер құтқарып қалды – видео

Айта кетейік, бұл бапта кінәлі адам белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан және бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0