Оқиға

Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті

© AFP 2024 / Ina FassbenderДевочка прыгает в бассейн в Эссене, Германия
Девочка прыгает в бассейн в Эссене, Германия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаттықтырушы қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасаған, бірақ нәтиже болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Елорданың құқық қорғау органдарының қызметкерлері спорт кешенінде 21 жастағы қыз суға батып кеткеннен кейін тексеріс жүргізіп жатыр. Трагедия 16 қаңтарда, сенбі күні таңертең болды.

Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қимылсыз жатқан қызды көрген. Ол оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасаған, бірақ нәтиже болмаған.

Қызылордада мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды

Оқиға орнына келген медициналық көмек қызметкерлері қыздың көз жұмғанын анықтады. Ол суға батқан кезде бассейнде тағы төрт адам жүрген.

Марқұм бассейнге бір реттік абонемент сатып алу арқылы барғаны белгілі болды.  

Жаңалықтар
0