Оқиға

Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в Нур-Султане
Автомобиль скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтасында метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы апаттан кейін екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің ресми сайты.

"Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ бен көмір шығарылымы кезінде екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар облыстық медициналық орталықтың токсикология бөлімшесінде жатыр", – делінген хабарламада.

1969 жылы туған ер адам 14 қаңтар күні 03.33-те медицина мекемесіне жеткізілді. Пациентке токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты, орташа деңгейдегіге жақын, деді әкімдікте.

Екінші пациент 1997 жылы туған. Оған қойылған диагноз да токсикологиялық энцефалопатия. Сағат 03:35-те ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.

Шахтадағы апат

Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылады. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болғаны анықталды.

Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинисттің өзі шыға алмай қалды. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.

Аталған факті бойнша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

Жаңалықтар
0