07:52 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Шахтаның 17 қызметкері мен апаттық-құтқару қызметінің екі бөлімі (16 адам) әлі де іздеу жұмыстарын жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракцияларының шығарылымы жоғарылаған. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болғаны анықталды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиға бұрғылау қондырғысының машинисі мен машинистің көмекшісі және желдету, қауіпсіздік бөлімінің тау-кен шебері – ұңғымаларды бұрғылау арқылы барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан сәтте болған.

Апат салдарынан тау-кен шебері мен машинисттің көмекшісі оқиға орнын тастап үлгергенімен, машинисттің өзі шыға алмай қалған.

Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-ы жер бетіне шығарылды.

"Сағат 23:00-де ауа құрамын бақылау қондырғыларының көрсеткіштері бойынша шахтадағы газ жағдайы қалыпқа келтірілді. 23:25-те құтқару қызметі зардап шегушіні іздеу мақсатында забойдағы үйінділерді тазартуды бастады. Шахтаның 17 қызметкері мен апаттық-құтқару қызметінің екі бөлімі (16 адам) әлі де іздеу жұмыстарын жалғастыруда", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойнша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты

Тақырып бойынша

"Қазақмыс" шахтасында бір кенші топырақ астында қалып, қаза тапты
"Жезқазған түсті металл" кен орнында кенші өлі күйінде табылды
Қырғызстанда құлап кеткен екі кенші бір тәулік өткен соң аман шықты
Хромтау шахтасындағы жарылыс: тірі қалған кенші оқиғаның қалай болғанын айтып берді  
Кілт сөздер:
Қарағанды, апат
Загрузка...

Басты тақырып