Оқиға

Елордада сауда орталығында өрт шықты – видео

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласының орталығында өрт шықты
Нұр-Сұлтан қаласының орталығында өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталығының шатырын қызыл жалын шарпып, өрт 13 минуттан кейін сөндірілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Бейсенбі күні таңертең Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) аймағында сауда үйінің шатыры отқа оранды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға астаналық төтенше жағдайлар департаментінен.

Қалың түтін алыстан көрініп тұрды. 

Өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне сағат 8.59-да Мәмбетов көшесіндегі 1 үй мен Оқушылар сарайының жанындағы сауда шатыры өртеніп жатыр деген хабарлама түскен.

"Оқиға орнында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен жеке құрамның 11 қызметкері жұмыс істеді. Тілсіз жау он шаршы метр аумақты күлге айналдырды", – делінген хабарламада.

Сағат 9.12-де өрт толық сөндірілді.

Жаңалықтар
0