Оқиға

Алматы маңында көпқабатты үй отқа оранды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинКак тушили крупный пожар на складах в Алматы
Как тушили крупный пожар на складах в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 6 техникасы және алматылық департаменттің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Алматы маңында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешені отқа оранды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_almaty | Official | 21+ (@kris_p_almaty)

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, сағат 17.57-де "Нұрия" тұрғын үй кешенінен өрт шыққан (Талғар ауданы, Бесағаш ауылы).

Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 6 техникасы және алматылық департаменттің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

"Салынып жатқан екі тоғыз қабатты үй арасындағы жылыту материалы жанды", - деді өңірлік департаментте.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_almaty | Official | 21+ (@kris_p_almaty)

Жаңалықтар
0