Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында 13 көлік соқтығысып, бір адам жарақат алды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневҚыс көрінісі
Қыс көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көлікті соғуы ірі жол апатының туындауына түрткі болды

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысындағы дауыл мен бұрқасын салдарынан жол қозғалысы шектелді. Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолында жол көрінбей, бірнеше көлік соқтығысты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын сақтамай, Lada автокөлігіне соқтығысқан", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

13 көлік соқтығысқан жол апатынан бір адам жарақат алды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр. 

Айта кетейік, таңертеңнен бері Нұр-Сұлтан – Теміртау жолында қар қалың жауып, қатты жел тұрды. Соған байланысты жол көрінбей қалды. Қазір жолды тазарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Полиция қозғалысқа уақытша шектеу қойды. Апат болған кезде жол учаскесі жабылған, алайда сол аралықта қозғалыстың жоғары қарқыны байқалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" автокөлік жүргізушілерін қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтап, қауіпті әрекеттен аулақ болуға шақырды.

Жаңалықтар
0