08:00 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде ғимарат ішінде болған адамдар үрейленіп, төртінші қабаттан секірмек болғаны туралы жазды. Оқиға орнына 12 арнайы көлік жетті

АЛМАТЫ, 11 қаңтар — Sputnik. Өскеменде Карл Либкнехт көшесі, 17 мекенжайында орналасқан облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, адамдар төртінші қабаттан секіріп түспек болған. Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, төртінші қабаттағы шатыр тұтанған. Оқиға куәгері өрт шыққан ғимараттың ашық терезесінде тұрған әйелдер бейнеленген видеоны желіге салды. 

Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт шыққан қабаттағы адамдарды эвакуациялауға кірісіп, үш адамды құтқарды. 
Сағат 17:09-да өрт ауыздықталып, 17:55-те толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы -200 шаршы метр. Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамдағы 37 адам мен 12 арнайы көлік жұмылдырылды. 

ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау туралы ескертеді: 

  • өрт сөндіру құралдарының қажетті көлемде және қолдануға жарамды күйде болуы; 
  • нысан қызметкерлері қауіпсіздік нұқсауларынан өтуі; 
  • нысандағы эвакуациялау жолдары және автоматты өрт дабылының жай-күйіне назар аудару. 
  • Өрт кезінде 101 және 112 жедел желілеріне хабарласу керек.

Тақырып бойынша

Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді
Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты – видео
Жаркентте балабақшадан өрт шықты
Петропавлда дүкеннен өрт шығып, 125 адам эвакуацияланды - видео
Кілт сөздер:
медицина, өрт, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырып