Өңірлер

Түркістан облысында көшеде тұрған көлікті айдап кеткен жүргізуші адам өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары жол апатына кінәлі жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде көлік басқа біреудікі екенін анықтады   

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жол апаты болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Полицейлер тез арада оқиға орнына жеткен. Тексеру кезінде ішімдік ішкен жергілікті тұрғын "ВАЗ 21051" көлігімен жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, "Volkswagen Golf" маркалы көлігімен соқтығысқаны белгілі болды. Салдарынан "Volkswagen Golf" көлігінің жолаушысы көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Мас жүргізушінің көлігін тексерген полицейлер аң-таң болып тұрып қалды 

Тәртіп сақшылары жол апатына кінәлі жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде көлік басқа біреудікі екенін анықтады. Жол апатын жасаған тұрғын көше бойында "ВАЗ" маркалы көліктің есігі ашық тұрғанын байқап, 10 шақырымға дейін заңсыз айдап кеткен. Осылайша өзгенің көлігін ұрлап, онымен қоймай жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған.

Кінәлі жүргізуші қамауға алынды, алайда жол апаты салдарынан бел омыртқасынан жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді.  Қазіргі таңда жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.  

Жаңалықтар
0