Оқиға

Нұр-Сұлтанда оннан астам көлік өртеніп кетті

© SputnikСгоревшее авто. Архивное фото
Сгоревшее авто. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Қызыл жалын сағат 10:53-те толық сөндірілді  

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілерге автокөлік жуу орнының ішінде көліктер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайында болған.

"Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да келген бойда "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті", - делінген хабарламада.

Ғимарат ішінде автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Алайда өрт сөндірушілер жедел қимылдап, жалынды сағат 10:21-де ауыздықтап, 10:53-те толық сөндірді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда полицейлер бір отбасы ұйықтап жатқан үйдің есігін бұзып кірді 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің 9 бірлік техникасы мен жеке құрамның 15 адамы жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0