Оқиға

Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ сотталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Артемия салина шаяндарын фармацевтика саласында кеңінен қолданады. Себебі оның құрамында аққуыз, май, амин қышқылдары, дәрумендер, гормондар және тағы басқа пайдалы заттар көп

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған болатын. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында тауарларды контрабандалық жолмен өткізу кезінде Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурстар табылған көліктер ұсталды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Алматы қалалық мамандандырылған соты үкімімен төрт айыпталушы қылмыстық кодексті 234-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы ("экономикалық контрабанда"), 264-бабының 1 мен 2-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") және 214-бабының 2-бөлігі ("Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет")  бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Айта кетейік, артемия салина шаяндарын фармацевтика саласында кеңінен қолданады. Себебі оның құрамында аққуыздар, майлар, амин қышқылдары, дәрумендер, гормондар және тағы басқа пайдалы заттар көп. Мәселен, артемияның ақуыздарында анықталған 18 амин қышқылының 8 түрі таптырмайтын қышқылдарға жатады. Олар: треонин, валин, метионин, изолейцин, лейцин, фениланин, лизин және гистидин.

 

Жаңалықтар
0