Оқиға

Көк Жайлаудағы құтқару операциясының видеосы желіде тарады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы іргесіндегі тау
Алматы іргесіндегі тау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылардың кезекші бөліміне 23 жастағы ер адам аяғын сындырып алып, өздігінен қозғала алмай жатқаны туралы хабар түскен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Көк Жайлау шатқалында сырғанақ тепкен ер адам аяғын сындырып алды. Оны республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Көк Жайлау үстірті қала тұрғындары мен қонақтары арасындағы ең танымал орындардың бірі болып саналады. Жаңа жыл мерекесінен кейін адамдар демалыс күндерін таза ауада өткізуге тырысады. Алайда қауіпсіздік шараларын ұмытып жатады", – дейді құтқарушылар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roso_kazakhstan (@roso_kazakhstan)

Осы жолы да тауға барған ер адам қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Ресми мәліметке сәйкес, 3 қаңтар күні сағат 15.40-та кезекші бөлімге 23 жастағы ер адамның аяғын сындырып алып, өздігінен қозғала алмай жатқаны туралы хабар түскен. Содан құтқарушылар мен кинологтар бірден оқиға орнына аттанды.

"Жол – жөнекей жедел топ жәбірленушінің достарымен хабарласып, олардың нақты қайда екенін анықтады. Зардап шегуші Көк Жайлау шыңына дейін 300 метрдей жерде болды. Ол достарымен бірге таудан төмен сырғанаған екен. 1997 жылы туған ер адам үлкен жылдамдықпен төмен түскенде басқа бағытта сырғанап кеткен. Сөйтіп, тасқа оңбай соғылып, сол аяғының балтыр сүйегін сындырып алды", – деп атап өтті мамандар.

Құтқарушылар алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп, аяғына таңғыш салды. Зардап шеккен адамды тасымалдау да қиынға соқты. Себебі адамдар сырғанақ тепкеннен кейін жалғыз аяқ жол мұзға айналған. Соған қарамастан, жедел құтқару тобы зардап шегушіні дәрігерлер бригадасына аман-есен жеткізді.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды

Ал желі қолданушылары жалғыз аяқ жолды сырғанаққа айналдырған адамдарды сынап жатыр.

"Осы жалғыз аяқ жолдан әбден зәрезап болдық. Таудан түсетіндерді де ойлау керек қой. Сырғанақ тебетін арнайы орындар бар. Жалғыз аяқ жолды сырғанаққа айналдырмау керек", – дейді қала тұрғындары.

Жаңалықтар
0