Өңірлер

Павлодар облысында отшашу кезінде оқыс оқиға болды

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуПиротехника, архивное фото
Пиротехника, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зейнеткер "оң көздің зақымдануы, жеңіл дәрежедегі термиялық күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

ПАВЛОДАР, 1 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстанға жаңа жыл түні өңір тұрғындары қандай жарақаттар алғанын хабарлады.

Павлодар облысының Розовка ауылында 1 қаңтарда сағат 00.19-да мерекелік отшашудың ұшқындары 64 жастағы әйелдің бетіне тиген. Ол "оң көздің зақымдануы, жеңіл дәрежедегі термиялық күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: ІІМ басшысы жаңа жыл түні Нұр-Сұлтанның полицейлерін тексерді – видео 

Сондай-ақ, 25 жастағы павлодарлық 31 желтоқсан күні сағат 07.42-де облыс орталығының бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді, ішімдік ішкен жігіттің екі аяғын бірінші дәрежелі үсік шалған.

Сол күні сағат 19.26-да 58 жастағы ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Ол да мас болған. Оның сол және оң қол саусақтарын бірінші-екінші дәрежелі үсік шалған.  

Жаңалықтар
0