Оқиға

Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қаза болды

© AP Photo / Jeffrey T. BarnesШахтер
Шахтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына облыс әкімдігінің өкілдері мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері келді. Мән-жай анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында "Весенняя Аралчинская" шахтасында төрт адам көз жұмып, тағы біреуі зардап шекті.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға жарылыс жұмыстары кезінде болған, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Трагедия 30 желтоқсанда сағат 21:21-де болды.

"Қазіргі таңда зардап шеккен жұмысшыны дәрігерлер тексеріп жатыр, төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына шұғыл түрде облыс басшысының орынбасары Бекбергенов пен ТЖД қызметкерлері аттанды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Төтенше жағдай болған шахта "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-ға тиесілі.

Жаңалықтар
0