13:44 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
924 0 0

Тәрбиеші жұмысынан шеттетілді, білім бөлімі мен прокуратура балабақшада тексеріс жүргізетіні хабарланып отыр

КӨКШЕТАУ, 24 желтоқсан — Sputnik. Щучинск қаласының блогері Әсем Мұқымова жариялаған видео желіде қызу талқыланды. Видеоға балабақшада бүлдіршіндерге жәбір көрсеткен қызметкерлер түсіп қалған.

Желі қолданушылары мекемені тексеруді талап етіп, комиссия құрылды. Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Доступно про SMM (@asemmukumova)

"Оқиға "Мерей" балабақшасының филиалы "Ағажан" шағын орталығында болған, - деп жазады жазба авторы. Тәрбиеші баланың астынан орындықты әдейі алып қойды. Бала иегімен үстелге соғылды. Ал жанында тұрған туған ағасы қорыққаннан еш нәрсе істей алмай қалды".

Өзге тәрбиеші мұны көре тұра, телефонына үңіліп отыра берді.

"Тәрбиеші ұйқысы келмей, жай жатқан балаларды күштеп төсектен "жұлып алған". Кейін ұйқыға арналған киіммен 8-10 минут бойы бұрышқа тұрғызып қойған. Балалар бұрышта тоңып тұрды", - деп жазады ата-ана.

Сондай-ақ, балалар қорыққаннан үйде ешкімге айтпағанын жеткізді.

"Біз, ата-аналар, күдіктене бастадық. Алайда нақты дәлел керек болды. Балалардың біріне дыбыс тыңдалатын сағат тақтық. Соның арқасында тәрбиешілер балалармен қалай сөйлесетінін естідік", - деп жазды ол.

Тәрбиеші балалардың біріне:

- Саған тыныштандыратын дәрі берейін бе?!

- Сені тыныштандыру керек пе?!, - дейді.

Ақмола облысы білім басқармасы тексеріс болатынын айтты. Оған Бурабай ауданы білім бөлімі мен прокуратура қызметкерлері қатысады.

Арнайы комиссия құрылған. Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді.

Тақырып бойынша

Ақтаудағы қайғылы оқиға - сәби балабақшада көз жұмды
Павлодарда балаларды азаптағандарға қатысты сот үкімі шықты
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео
Астанада балаларды пышақпен қорқытып тонаған ер адам ұсталды
Үкімет балаларды Сәбилер үйінде қалдыру мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр  
Кілт сөздер:
балабақша, видео, желі, Щучинск
Загрузка...

Басты тақырып