Оқиға

"4 миллиард теңгемен қашып кеткен": мыңдаған адам алданғанын мәлімдеді

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
99 адам қол қойған шағым Медеу аудандық полициясына 14 желтоқсанда түскен. Салымшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да хат жазды

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. "QI-Trade Kazakhstan" инвестициялық компаниясының салымшылары алаяқтарға алданғанын мәлімдеді. Олар ақшасын айына 3-8 проценттік өсіммен салған. Ал компанияның бас директоры төрт миллиард теңгемен қашып кетті деген болжам бар.

"Біз 4 000 адамның атынан осы компания туралы бар шындықты айтқымыз келіп отыр. Олар Amazon алаңында тауарларды алып-сатумен айналысамыз және сан алуан жобаларға қаржы құямыз деп, қылмыстық әрекетпен айналысқан. QI-Trade компаниясы Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын адамдардан салымның сомасына қарай айына 3-8 проценттік өсіммен ақша таратқан. Бірақ бәрімізді алдап кетті", - дейді салымшылар.

Олардың сөзіне қарағанда, компания басшылығы салымшылардың ақшасын (шамамен 4 миллиард теңге) алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал директорлардың бірі бірнеше видеоүндеу жіберіп, шетелде жүргенін айтты. Бірақ оның шекараны ресми түрде кесіп өткені расталған жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу шараларын бастап кетті. Департамент басшылығы осы мәселені жеке бақылауына алып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар бас прокуратураның алдына жиналды 

"Олар ұжымдық арыз жазды. 99 адам қол қойған шағым Медеу аудандық полициясына 14 желтоқсанда түскен. Соның негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Зардап шеккен адамдардың айтуынша, ЖШС басшысы салымдарды көбейтемін деп ақша жинаған. Әрбір салымшымен жеке-дара келісімшарт та жасалыпты", - деді құқық қорғаушылар Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Қылмыстық заңнама бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамдардың мүлкі тәркіленеді. Салымшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады.

Жаңалықтар
0