Оқиға

"Алматы наш қой, брат!": қызу талқыланған видеодағы жігіттер анықталды

© Photo : pixabay.comИгрушечный пистолет, иллюстративное фото
Игрушечный пистолет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода алдымен көп қабатты үйлердің бірінен оқ атылғанын көруге болады. Одан кейін жас жігіттер далаға шығып, кешкі уақытта тағы аспанға оқ атқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоның авторларын анықтады. Жігіт "Алматы наш қой, брат!" деп, аспанға тапаншадан оқ атады. Екіншісі оны видеоға түсіріп тұр.

Видеода алдымен көп қабатты үйлердің бірінен оқ атылғанын көруге болады. Одан кейін жас жігіттер далаға шығып, кешкі уақытта тағы аспанға оқ атқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

Алматы қалалық полиция департаменті желіде тараған видеоның көргенін хабарлады. Бұзақылардың кім екені анықталды. Қазіргі кезде оларды ұстау шаралары қолға алынды.  

"Алматыдағы Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері видеодағы жігіттердің аты-жөнін анықтады. Олар міндетті түрде ұсталады және заңға қайшы әрекеті үшін жазаға тартады. Видеодағы қарудың қайдан шыққаны да анықталады", - дейді құқық қорғаушылар. 

Ал тексеріс нәтижесінде видео авторларының қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жазаға тартылатыны белгілі болады.

Жаңалықтар
0