Оқиға

СҚО-да алты бірдей елді мекенді карантинге жауып тастады

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля
Врач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін өңірдегі бірқатар елді мекенде және Петропавл қаласында карантиндік шектеулер алынған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында алты елді мекен коронавирусқа байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жалпы, пандемия басталғалы бері облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 028 адам анықталды. Соңғы бір тәуліктің ішінде 62 науқас тіркелді.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Арман Күшбасовтың айтуынша, індеттің өршіп кетуіне жол бермеу мақсатында екі аудандағы алты елді мекенді карантинге жауып тастауға шешім қабылданды.

"Есіл ауданында Явленка, Ясновка, Николаевка мен Петровка жабылса, Мағжан Жұмабаев ауданына кіретін Булаево қаласында және Таманское ауылында карантин енгізілді", - дейді Күшбасов.

Айта кетейік, бұған дейін Уәлиханов ауданына кіретін Кішкенекөл ауылы, Қызылжар ауданындағы Бескөл, Мағжан Жұмабаев ауданына кіретін Успенка, Петропавл мен Тайынша қалалары карантинге жабылған болатын. Бірақ артынан шектеу шараларын алып тастады. Себебі онда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Инфекция жұқтырғандардың саны да азайды.

Жаңалықтар
0