Оқиға

Қостанай облысында бес бірдей көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болып, жеті жолаушы түрлі жарақат алғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қостанай-Тобыл тасжолындағы үлкен көпір деп аталатын жерде бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Жол апаты бүгін сағат 15.00 шамасында болған. 

Полиция ақпаратына сәйкес, Toyota Alphard көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Ол Volkswagen Golf, Lada Granta, Volkswagen Sharan және Lada Priora көліктеріне соғылды.

Апат салдарынан Volkswagen Sharan көлігінің жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды. Жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға қатысы тексеріс басталды.

Жаңалықтар
0