Оқиға

Жаркентте балабақшадан өрт шықты

© Photo : ДЧС Алматинской областиКрыша частного детского сада загорелась в Жаркенте
Крыша частного детского сада загорелась в Жаркенте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 желтоқсан — Sputnik. Жаркент қаласындағы жекеменшік балабақшада өрт шықты, деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға "Дана Бала" балабақшасында болған. Мекеме асханасының шатыры отқа оранды. Өрт 40-45 минутта тоқтатылып, ауыздықталды.

"Өрт аумағы 90 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылды", - деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : ДЧС Алматинской областиӨрт аумағы - 90 шаршы метр
Жаркентте балабақшадан өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Өрт аумағы - 90 шаршы метр

Ведомствода өрт зертханасы төтенше оқиға себебін анықтайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0