07:57 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
196 0 0

Оқиға орнында жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің төрт және "жедел жәрдемнің" үш қызметкері жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында екі әйел иіс тиіп көз жұмды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға Жетісай ауданының Жылысу ауылында 14 желтоқсан күні болды.  

Диспетчер пультіне қоңырау сағат 12.00-де түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар басқармасының төрт қызметкері және медициналық көмек бригадасының үш қызметкері аттанды.

Оқиға салдарынан 62 және 50 жастағы екі әйел көз жұмды. Көршілер үй иесі газды үнемдеу үшін мұржаны жартылай жауып тастағанын айтты

Кеше Алматы облысында "времянкадағы" өрт кезінде екі баласы бар отбасы бақилық болғаны хабарланған болатын.

Кілт сөздер:
Түркістан облысы, иіс тию
Загрузка...

Басты тақырып