Оқиға

Алматы облысындағы трагедия: бүтін бір отбасы бақилық болды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға салдарынан ата-анасы мен екі бала көз жұмды, кішкентайы небәрі бір жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында уақытша тұрғын үйде өрт шығып, отбасының төрт мүшесі қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар 13 желтоқсан сағат 05.40 кезінде түскен. Трагедия Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында болды. 

"4 минуттан соң оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалға берілетін үйді толықтай от шарпығанын көрді. Өртті сөндіру кезінде төрт адамның денесі табылды (1992 жылы туған ер адам, 1997 жылғы әйелі және 2017, 2019 жылы туған ұлдары)", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. 

Өрт 6.09 кезінде ауыздықталып, 6:45-те толықтай сөндірілді. Аумағы - 40 шаршы метр. 

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Бұл үшін өрт шыққан үйге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің зертханасы жіберілді.

Министрлік бұған дейін департамент қызметкерлері жеке үйлерде болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіргенін хабарлап отыр.

Жаңалықтар
0