Оқиға

Шуда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЧеловек с ломом в руке, архивное фото
Человек с ломом в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреулер кассирді қарумен қорқытып, 800 мың теңгеге жуық ақшаны алып, қашып кеткен. Оқиға таңғы уақытта болған  

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында жас жігіттер таңертең пластикалық терезені сығымдау арқылы ішке кірген.

"Кассирді белгісіз қарумен қорқытып, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденгені анықталды. Осыдан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен", - деп хабарлады Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар бұрын сотталған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты.

Оқи отырыңыз: Kaspi bank бөлімшесіне кімдер қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды – видео 

Жауап алу барысында ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.   

Жаңалықтар
0