07:29 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
384711

Тексеріс кезінде 44 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел астанаға Жамбыл облысынан келгені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Полицейлер Қонаев көшесіндегі "Қазмедиа орталығының" маңын қоршады. Бұл ғимаратта республикалық телеарналар мен радиолар орналасқан. Ер адам мен әйел астананың қақ ортасында от жақты.

"2 желтоқсан күні 16.16-да "102" нөміріне жол үстінде ер адам мен әйел от жағып, плакат ұстап тұрғаны туралы хабар түсті. Қолдарында еріткіш сұйықтық болған", - деді қалалық полиция департаментінде. 

Полиция олардың қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып отыр.

Тәртіп сақшылары ер адамды оттан алшақ итеріп жіберіп, қолындағы сұйықтықты алып қойған.

"Тексеріс кезінде 44 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел тұрмыстық мәселе бойынша астанаға Жамбыл облысынан келгені анықталды", - деді ведомствода.

Олардың бұл әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес қаралады.

Тақырып бойынша

Полиция Алматыда арнайы операция өткізді – видео
Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды
Балалары бірге тұрудан бас тартқан ананың әрекеті жаға ұстатты – видео
Түркістан облысында сотты болған экс-әкімнің тағы бір заңсыз әрекеті әшкере болды
Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
видео, әйел, ер адам
Загрузка...

Басты тақырып