Оқиға

Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям На месторождении "Бектас-Коныс" произошел пожар, погибли трое рабочих
На месторождении  Бектас-Коныс произошел пожар, погибли трое рабочих - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға "Бектас-Қоныс" кен орнында болды, өрт шыққан контейнер типті жатақханада отыз адам тұрып жатқан

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысы Сырдария ауданында "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 желтоқсанда сағат 01.34-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолының 108 шақырымында "Бектас-Қоныс" кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шыққан. От шарпыған жердің аумағы – 1450 шаршы метр.

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан
"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды

Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді.

Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді.

"Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Ол жерде барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрт шыққан жерден 19 шақырым  жердегі асханаға орналастырылды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, "ПОЖМонтажҚұрылыс" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, "ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды
Қызылорда облысында қайғылы оқиға болды - үш адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан
"Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш адам қаза болды
Жаңалықтар
0