Оқиға

Талдықорған іргесіндегі жарылыстан 8 адам зардап шекті

© Photo : предоставлено МЧС КазахстанаЖилой дом после взрыва
Жилой дом после взрыва - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Талдықорғанда газ баллонның жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оқиға орнынан 8 адам ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі балалар.

26 ​​қараша күні сағат 20:00 шамасында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талдықорған қаласының іргесіндегі Еркін ауылында жеке тұрғын үйде сыйымдылығы 5 литрлік газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен. 

Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.

"Жарылыс салдарынан 8 адам зардап шекті. Оның үшеуі балалар. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді", – деді Талғат Уәли.
© Photo : МЧС КазахстанаЖарылыс салдарынан қираған үй
Талдықорған іргесіндегі жарылыстан 8 адам зардап шекті - Sputnik Қазақстан
Жарылыс салдарынан қираған үй

Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

Оқиға орнында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникалық құралдары, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеді.

Сондай-ақ зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін психолог мамандар да оқиға орнына шақыртылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы жарылыс: жансақтау бөлімінде тағы бір адам көз жұмды

Айта кетейік, 21 қарашада ел астанасы Нұр-Сұлтандағы кафеде газ баллон жарылды. 52 жастағы ыдыс жуушы оқиға орнында қайтыс болып, 23 адам жарақат алды. Бірнеше күннен кейін 24 жастағы қызметкер жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жаңалықтар
0