Оқиға

Алматы әуежайында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы халықаралық әуежайының барында сөзге келіп қалған адамдар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. 

Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал туындады. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицияда.

Оған сәйкес, 2 мың АЕК, яғни 5 556 000 теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. 

Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0