Оқиға

Семейліктерді шошытқан аспан жарқылының не екені белгілі болды – видео

© SputnikМолния. Архивное фото
Молния. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семей қаласының әкімдігі аспандағы белгісіз құбылысты түсіндірді. Ақауға не себеп болғанын мамандар анықтайды

АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Семей тұрғындары түнде аспанда біртүрлі жарқыл байқады, содан кейін электр желісі уақытша өшіп қалды. Бұл құбылыстың неден пайда болғанын қала әкімдігі түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Семей қаласы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қалада 23 қарашаға қараған түні сағат екіде электр желісінде ақау пайда болды. Ол электр құрылғыларының жұмысына әсер еткен. Нәтижесінде аспанда жарқыл көрінген. Алайда қосалқы станцияға зақым келген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Семей аумақтық электр желісі KEGOC АҚ хабарлауынша, түнгі сағат 2-де Знаменка автокөлік жолында орналасқан №18 қосалқы станцияда қысқа тұйықталу болды.

"35 кВ желіде қысқа тұйықталу болды. Оның барлығы №18 қосалқы станцияға келді. Ол жерде 35кВ кабельдің соңғы жалғастырғышы жерге тұйықталған. Қосалқы станция қазір жұмыс істеп тұр", - деп мәлімдеді мекеме.

Тұйықталу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0