Оқиға

Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео

© Photo : МЧС КазахстанаЕлордада дәмханада газ баллоны жарылды
Елордада дәмханада газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар бір адамды және 15 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, алдын ала мәлімет бойынша бір адам үйінді астында қалып мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Елордада дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлама түсті. Шұбар шағын ауданында дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллоны жарылған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе облысында жеке тұрғын үйде жойқын жарылыс болды

"Құтқарушылар бір адамды құтқарып, 15 баллонды сыртқа шығарды. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға орнында бір адам көз жұмды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы 19 адамды қарап жатыр.

20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12.58-де сөндірілді.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0