12:41 18 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1050 0 0

Сәтбаев қаласында алты жастағы қыз аулада ересектердің қарауынсыз жүріп, иттердің ортасында қалып қойған

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Сәтбаев қаласында саяжай аумағында итке таланған бүлдіршіннің мәйіті табылды. Қалалық полицияның кезекші бөліміне бұл туралы 15 қараша кешкі сағат 17.00-де "жедел жәрдем" қызметкерлері хабарлаған.

"Оқиға орнына барған дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Содан кейін ол жерге жедел-тергеу тобы келген. Анықталғандай, қыз ата-анасымен бірге саяжай аумағындағы үйлердің бірінде тұрған. Сол күні бала ересектердің қарауынсыз жүріп, ауладағы иттердің ортасында қалған.

Оқи отырыңыз: Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды – видео

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ветеринарлық қызметке иттерді аулау туралы бұйрық берілді.

Тақырып бойынша

Алматы облысының тұрғыны полицейлерге ит қосып, айтақтады
Атырау облысында қаңғыған иттер баланы талады
Аяғы шығып жатқан: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды
Шомылғысы келмеген ит қулыққа барды – күлкілі видео  
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, қыз, ит
Загрузка...

Басты тақырып