Оқиға

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан емшектегі сәби көз жұмды

© Photo : pixabay.comСәбидің қолы, иллстративті сурет
Сәбидің қолы, иллстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты "Алматы – Ташкент – Термез" автожолында болды, жүргізуші рөлге ие бола алмай, металл бағанға соғылып, кейін аударылған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан екі ересек адам мен емшектегі сәби мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 12 қараша таңғы сағат тоғыздар шамасында "Алматы – Ташкент – Термез" автожолының 725 шақырымында болды.

Daewoo Nexia жүргізушісі рөлге ие бола алмай, металл бағанға соғылып, жыраға аударылған.

Салдарынан жүргізушінің үш туысы, соның ішінде емшектегі бала, оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды

Бұл факті Төле би АПБ сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Түркістан облысы полиция департаментінің анықтаушылары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0