Оқиға

Бортта 115 жолаушы болған: Атырауда бір топ құс ұшаққа соғылды – видео

© Sputnik / Болат ШайхиновПрезентация самолета авиакомпании SCAT
Презентация самолета авиакомпании SCAT - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәжірибелі ұшқыш трагедияны болдырмай, ұшақты қондыра білді. SCAT ұшқышты медальге ұсынуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша — Sputnik. Атырау – Нұр-Сұлтан рейсі кезінде биіктікке көтеріліп келе жатқан ұшаққа бір топ ірі құс соқтығысты, қаз немесе үйрек болуы мүмкін, деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

"Әуе кемесінің командирі Иван Карпович ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қайта қонды, тұраққа өзі жетті", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZELLO_ATYRAU🔥 (@zello.atyrau.official)

Рейстің ұшу уақыты - 22.05, қону уақыты - 22.17.

Бортта 115 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Рейс тоқтатылды, кейбір жолаушыларға басқа күнге билет берілді, кейбірінің ақшасы толықтай қайтарылды.

Компания өкілдері қазіргі уақытта құстар мәселесі өте өзекті екенін әрі шешілмей жатқанын айтып өтті.

"Әуе кемесінің командирі Иван Карповичтің тәжірибелігі және экипаждың бірлескен жұмысы арқасында ұшақ штаттық режимде қонды", - деді SCAT.

Әуе компаниясы ұшқышты медальге ұсынуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0