Оқиға

Бойжеткенді қорғамақ болған астаналық сотталуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Астаналық полиция 23 жастағы тұрғынды қамауға алды.

Жанжалға бойжеткен себеп болған. Ол өзінің танысына хабарласып, басқа адамға шағымын айтқан. Ер адам бойжеткенді ренжіткен адаммен кездеспек болды.

Кейін кездесуге келген жігітке соққы жасап, телефонын алып кеткен. Салдарынан зардап шегушінің жағы сынып, ауруханаға түсті.

Полиция ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Ол болған жағдайды мойындап отыр.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0