Оқиға

Қабырғасын бұзып кірген: Таразда зергерлік дүкен тоналды – видео

© AFP 2024 / BAY ISMOYOЗолото, драгоценности, архивное фото
Золото, драгоценности, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Таразда әккі қарақшы зергерлік дүкеннің қабырғасын бұзып, тонап кеткен. Мұқият ойластырылып жасалған қылмыс туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Қазан айының 14-інен 15-іне қараған түні қарақшылар зергерлік дүкеннің қабырғасын бұзып кіріп, қымбат бағалы әшекей бұйымдарды қолды еткен. 

Алдын ала есеп бойынша, шығынның жалпы көлемі 25 миллион теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тонауға қатысты күдікті 22 қазанда ұсталды. Ол бұрын сотталған Қарағанды ​​облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оқи отырыңыз: Камерадан да қымсынбады: мешіт тонаған ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0