ПАВЛОДАР, 28 қазан – Sputnik. Павлодарлық көлік жүргізуші сейсенбі күні кешке егде жастағы екі адамды қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицияға 18:26-да болған оқиғаға туралы хабар түскен. Трагедия Қатаев және Гагарин көшелерінің қиылысында болды. 51 жастағы Toyota Camry жүргізушісі ішімдік ішпеген.
Жарақат салдарынан 66 жастағы әйел көз жұмды. 1951 жылы туған ер адамның миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта үйіне оралды.