Оқиға

Ер адам жантүршігерлік жол апатынан таңғажайып жағдайда аман қалды – видео

© Photo : @Temirtau.Times / скриншот с записи камеры видеорегистратораМашина врезалась в опору моста на трассе Караганда - Темиртау
Машина врезалась в опору моста на трассе Караганда - Темиртау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қапталдағы көлікті жоғары жылдамдықпен басып озған қара LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған апаттың видеосы әлеуметтік желілерде кең таралуда.

Автокөліктің санаулы секунд ішінде метал үйіндісіне айналған сәті оқиға куәгерлерінің видеорегистраторына түсіп қалған. Жол апаты 25 қазан күні 14.40-та болды.

Видео авторының машинасын қара түсті LADA көлігі жоғары жылдамдықпен басып озады да, көп ұзамай сырғып барып, жол жиегіндегі қоршауға соғылады.

Қатты соққы әсерінен асфальт бетінде бірнеше рет айналып, жолдың сол жақ қапталына сырғыған көліктегі ер адам (жолаушысы болуы мүмкін) таңғажайып жағдайда аман қалды. Орнынан тұрған ол өзіне қарай дөңгелеп келе жатқан қосалқы шинаны тоқтатып үлгереді. Бұл әрекетке қарап, оның ауыр жарақат алмағанын байқауға болады. 

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің Sputnik Қазақстанға ұсынған мәліметіне сүйенсек, ВАЗ 2114 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі "Бүркіт" кафесінің маңында жоғары жылдамдықпен Пришахтинскіге қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай темір қоршауға соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер Қарағанды ​​облыстық медицина орталығына жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Әйел "коронавирустың" арқасында аман қалды

Айта кетейік, демалыс күндері өңірде ауа райының құбылуына байланысты жол апаттары жиілей түсті. Оған көптеген жүргізушінің көлік доңғалақтарын қыстық шинаға ауыстырып үлгермеуі себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0