Оқиға

Шымкентте 14 вагон рельстен шығып кетті

© Photo : МЧСВ Шымкенте на железнодороной станции произошел сход 13 вагонов с опрокидыванием
В Шымкенте на железнодороной станции произошел сход 13 вагонов с опрокидыванием - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент қаласында теміржол стансасында 14 жүк вагоны аударылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкентте теміржол стансасында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. Оқиға 24 қазанға қараған түні болған.

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, вагондар бос болған. Құрамаға барлығы 21 вагон тіркелген, оның 14-і рельстен шығып кетіп, аударылған.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді Уәли.

Оның мәліметінше, оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы жолда тұрып қалған.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жүк пойызы электровозбен соқтығысты – видео 

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ҚТЖ-ның 200 жұмысшысы, Шымкент, Арыс және Тараз стансаларынан 3 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Оқиға орнында ТЖД мен Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің 16 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

24 қазан сағат 13:00-ге қарай пойыздарды өткізу үшін бір жол босатылады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0