Оқиға

Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео

© Photo : пресс-служба ДП Акмолинской областиЖитель Щучинска Акмолинской области допустил столкновение с автомашиной местной полицейской службы
Житель Щучинска Акмолинской области допустил столкновение с автомашиной местной полицейской службы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер қызметтік міндетін орындап, оқиға орнынан қайтып келе жатқан кезде апатқа ұшырады

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Щучинскіде жол апатына түскен екі полицей оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 15 қазанда Абылай хан мен Сейфуллин көшесінің қиылысында болған.

"Lexus NX20 автокөлігінің жүргізушісі Абылай хан мен Сейфуллин көшесінің қиылысында "Мебелин" дүкенінің жанында Бурабай аудандық полициясы жергілікті полиция қызметі бөлімінің Lada-21214 қызметтік автокөлігімен соқтығысты", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

LADA-21214 жүргізушісі мен жолаушысы – учаскелік полиция инспекторлары. Олар алған жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды.

"Қаза болған полицейлер қызметтік міндетін орындап, оқиға орнынан қайтып келе жатқан кезде апатқа ұшырады", - деп атап өтті полиция департаментіндегілер.

Күдіктінің кім екені анықталды.

"Ол – Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны. Ол бұған дейін қылмыстық кодекстің 200-бабы ("Автокөлікті жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу") және 346-бабы ("Рөлде отырған адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша бірнеше рет сотты болған. 2022 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айырылған", - деп нақтылады полиция.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Бұл бап бойынша күдікті он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ер адам қамауға алынды.

Жаңалықтар
0