Оқиға

Қызылорда облысында тұрғындар күріш алқабында жанжалдасып қалды – видео

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуВыращивание риса
Выращивание риса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған видеода егіс алқабында жүргелі тұрған комбайнның алдына әйелдер тұрып алған

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қызылорда облысында кәсіпкерлер күріш егілген жерге таласып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода егіс алқабында жүргелі тұрған комбайнның алдына әйелдер тұрып алған. Оқиға орнында полиция да болған. Сондай-ақ, адамға оқ атылғаны да айтылады.  

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі даулы мәселенің шешілгенін хабарлады.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС егістік алқабына егілген 105 гектар күрішті жинап алу кезінде екіжақты келіспеушілік болған. Бұған Қызылорда облысының әкімі араласып, мәселе шешілді.

Түркістан облысында фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды

"Бүгінгі күні "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС-ның 90% жарғылық қорының иесі А.Бисенбайдың сенімді өкілі М.Алдоңғаров елдің ауызбірлігі үшін келісімге келді. Нәтижесінде 105 гектар жерге егілген күрішті "Азамат" шаруа қожалығының төрағасы А.Сқақов жинап алатын болды", - деп хабарлады Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал облыстың полиция департаменті осы іс бойынша дерек жиналып жатқанын, жақын арада толыққанды ақпарат беретінін айтты.

Жаңалықтар
0