Оқиға

Алматылық 30 миллион теңгемен ұсталды – видео 

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Алматы қаласында кәсіпкерден ақша бопсалаған экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. 

"Қаржы мониторингі комитетінің ішкі тергеу департаменті өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, адамды алдау және сенімін пайдалану арқылы кәсіпкерден 30 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған қала тұрғынын ұстады", - делінген ресми хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk)

Ақшаны алған алаяқ қылмыс үстінде қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындады. Ал сотқа дейінгі тергеу кезінде оның Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екені анықталды. 

"2017 жылы пара алғаны үшін сотталып, теріс уәжпен экономикалық тергеу қызметінен шығарылған болатын. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда", - дейді құқық қорғаушылар.

Жаңалықтар
0