Оқиға

Қостанай облысында ауыз су тарту кезінде бозбала шұңқырға құлап кетті

© Sputnik / Ксения Воронина Прокладка коммуникаций и теплотрасс в Нур-Султане
 Прокладка коммуникаций и теплотрасс в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шұңқырға құлап кеткен 17 жастағы бозбала ауылға ауыз су тартып жатқан мердігер кәсіпорында уақытша жұмыс істеп жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қостанай облысындағы Алтын дала ауылында ауыз су тарту барысында қайғылы жағдай болды.

17 жастағы бозбала құбыр өткізу үшін қазылған шұңқырға құлап көз жұмды. 

Оқиғаның нақты қалай болғаны жөнінде жауапты орындар анық ақпарат бермей отыр, деп хабарлады Хабар 24.  

Куәгерлердің айтуынша, марқұмды сол жерде жұмыс істеп жатқан экскаватор қағып құлатқан болуы мүмкін. Көз жұмған бозбала сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Ол елді мекенге ауыз су тартып жатқан мердігер кәсіпорында уақытша жұмыс істеп жүрген. Осы оқиға бойынша "Кісі өліміне соқтырған еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды 

"Өзі құлаған дейді, өзі құламаған. Баланың басынан "ковщикпен" қағып жіберген. Енді мен тракторшыны кінәламаймын. Жұмыс болғасын болып тұратын шығар. Неге қоршау жоқ? Балалар секіріп, қарғып жүр. Шұңқырлар ашық. Құдықтар бәрі ашық тұр", - дейді марқұмның әкесі Сапарбек Төлепбергенов.

Жаңалықтар
0